Адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер

285

Өмірде ана есімі әрқашан ардақты. 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңындаТалдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың атынан өңірдегі ақ самайлы аналар мен қыз-келіншектерге арнайы сый-құрмет көрсетілді.  Облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға қатысқандардың дені  еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар мен әр салада еңбек етіп жүрген  қарапайым нәзік жандылар.

Нақты мәліметтерге жүгінсек, бүгінде жалпы Жетісу өңірінде  3 жарым мыңнан астам  мемлекеттік қызметкер бар. Олардың  50 пайыздан астамын әйелдер құрайды екен.

Зал толы жиналған қауым алдында сөз алған қала әкімінің орынбасары Бауыржан Абибеков нәзік жандыларды мерейлі мерекесімен құттықтап,  шаһар басшысы Әсет Дүйсебекұлының ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, қала әкімінің құттықтауында: – «Сіздерді көктемнің әсем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімді жолдаймын. Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт пен бірліктің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.Бүгінде қазақ қыздары қоғамның барлық саласына да еркін араласып, тамаша табыстарға қол жеткiзiп келедi. Бұл біз үшін, ерлер қауымы үшін үлкен мақтаныш, биік мәртебе. Өздеріңіздей өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым аналарымыз аман болсын! Сіздерге шынайы көңілден дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке – бірлік, әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толып, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – делінген.

Осыдан кейін аймақтағы көп бала тәрбиелеп отырған бірқатар анаға Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, «Алтын» және «Күміс» алқа табыс етілсе, тағы біразы  арнайы Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.  Жиын соңы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламаласына ұласып, танымал әншілер әннен шашу шашты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз