«Үздік ас мәзірінің» бас жүлдесі талдықорғандық «Алымда»

978
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында  Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл: қызмет көрсету саласында, кәсіпкерлік нысанда» атты дөңгелек үстел және мемлекеттік тілдегі «Үздік ас мәзірі» атты облыстық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Шараға облыстық прокуратура, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, білім басқармасы,  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, кәсіпкерлер палатасы қызметшілері, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, халыққа қызмет көрсету орындары, банк, пошта қызметкерлері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысып, белсенділік танытты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамдық орындарда мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында бұл сайыс облыс кәсіпкерлері  арасында  өткен болатын.

Мемлекеттік тілдегі «Үздік ас мәзірі» атты облыстық байқауы  мемлекеттік тілдің қолданылуын көпшілік ортада насихаттау, мемлекеттік тілде қызмет көрсетіп жүрген дәмхана иелерін ынталандыру болып табылады. Аталған байқауға облыс бойынша 10 аудан және қалалардан  50-ге жуық үміткер қатысып, белсенділік танытты.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдеге   Талдықорған қаласындағы «Алым» кафесі лайық деп табылды. Одан әрі жүлделі  I орынды «Village» мейрамханасы (Алакөл ауданы), II орынды «Теңіз хан» кафесі (Талдықорған қаласы), III орынды «Сұлтан» кафесі (Текелі қаласы) иеленді. Жеңімпаз атанған кәсіпкерлік нысан иелеріне арнайы дипломдар, Алғыс хаттар және жүлде қоры табысталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз