Еңбек ету ел азаматтарының конституциялық құқығы
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Жетісу облысында арнайы жұмыс сапарда болды. Сапардың мақсаты – өңірдің әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуалымен танысу, жекелеген кәсіпорындар мен салалардағы әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін қарастыру, облыстық мәслихаттағы «Еңбек» депутаттық тобының мүшелерімен бірлескен жұмыс жоспарын талқылау және жергілікті кәсіподақ мүшелерінен кері байланыс алу.
Жұмыс сапары барысында Сатыбалды Тілағысұлы Жетісу облысының орталығымен аймақтағы Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылындағы...
Мақсат – еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру
Жетісу облысына жұмыс сапармен келген Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаевамен облыстық мәслихаттың «Еңбек» әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі депутаттық тобымен кездесті. Басты мақсат – кәсіподақтар мен мәслихаттардың бірлескен қызметіндегі еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру.
Айта кету керек, облыстық мәслихаттардағы «Еңбек» депутаттық топтары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен құрылған. Депутаттық топты құрудың...
Кітапханашылар медициналық қызметпен тегін қамтылады
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында Талдықорған қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада арнайы кездесу өткізді. Басқосуға облыс аумағындағы аудан, қалалардағы кітапханашылар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, мәдениет саласының жетекшілері қатысты. Жиында сөз алған федерация төрағасы кітапхана жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын қорғау бойынша өзекті мәселелерді атап өтіп, олардың медициналық қызметпен тегін қамтамасыз ету мәселесі оң...
“Көктөбе” демалыс лагері ашылды
Еліміздің ертеңі, біздің болашағымыз-бала. Адамға ең алдымен тәрбие берілуі керек. “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнегеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады”,-деген Мұхтар Әуезовтың сөзі дәл айтылғандай. Сондықтан жас ұрпақты адамгершілікке, шыншылдыққа, әдептілікке және тағы басқа адамның бойынан табыла білетін барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеуіміз керек.
Балалар қазір жас шыбық секілді. Жақсы жаққа түзеп,...
ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Елдің тұтастығы мен бейбітшілігі, жердің тыныштығы мен тұрақтылығы мемлекеттің ордасы Астанадағы ахуалға тікелей байланысты. Сол арқылы кең байтақ Қазақстан Республикасының әр өңіріндегі жұртшылықтың тіршілігі мен тынысы дұрыс қалыптасады. Әрине мемлекеттің жан жүрегін қорғайтын қан тамырлары – әскері дер едім.
Шынында әскер әрбір мемлекеттің егемендігінің айқын белгілерінің бірі. Әскері болмайтын мемлекет жоқ. Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғау ҚР Конституциясында, елдің әскери...
50 отбасы баспаналы болды
Астана күні мерекесі қарсаңында бірқатар талдықорғандық баспаналы болды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл әрбір қуаныш иесіне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. Айтулы шарада сөз алған өңір басшысы қоныс иелерін құттықтап, облыста халықты тұрғын үймен қамту ісі жылдан жылға қарқындап келе жатқанын атап өтті.
«Бұның барлығы - халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салиқалы мемлекеттік саясаттың...
Мағжан Жұмабаевтың туғанына-130 жыл. «Қазақ елі бір ауыз сөзім саған…»
Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің ғана еес, күллі түркі жұртының шоқтығы биік қаламгері Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай Жетісу облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен рухани шара ұйымдастырылып, оған ақын-жазушылар, әдебиетші ғалымдар, мәдениет пен руханият саласының қызметкерлері,тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кеш барысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық унивеситеті филология...
Жадыраған жаз қызықтары
Жаз - жылдың керемет мезгілі. Бұл кезді балалар асыға күтетіндігі сөзсіз. Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «Балдәурен» жазғы ашық алаңы кезең-кезеңмен жұмыс жасап жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазғы алаңның басты мақсаты- балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарды анықтау, балалардың шығармашылық қабілетін жан-жақты бағытта дамытуға көңіл бөлу.
4 маусымды қамтитын жазғы ашық алаңда балалар 10 күннен демалуды жалғастырып жатыр. Әр маусымда 150-дей...
Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы
1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.
Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде...
Ел жүрегі — Астана
6-шілде Елордамыздың төл мерекесі! Бұл күн Астаналықтар үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін айтулы мейрам. Тарихымыздың жаңа парағын ашқан елдігіміздің белгіс, бар ғалам тіккен өңір. Бір сөзбен айтқанда Ұлы дала кіндігінде, ерке Есіл жағасында еңсесін тіктеген Отанымыздың жүрегі Астана - ұлттың мақтанышы. Бүгінгі таңда Елорда барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне, тәуелсіз қазақ елінің бет-бейнесіне айналды. Тәуелсіздігіміздің...





























