ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

272

Елдің тұтастығы мен бейбітшілігі, жердің тыныштығы мен тұрақтылығы мемлекеттің ордасы Астанадағы ахуалға тікелей байланысты. Сол арқылы кең байтақ Қазақстан Республикасының әр өңіріндегі жұртшылықтың тіршілігі мен тынысы дұрыс қалыптасады. Әрине мемлекеттің жан жүрегін қорғайтын қан тамырлары – әскері дер едім.

Шынында әскер әрбір мемлекеттің егемендігінің айқын белгілерінің бірі. Әскері болмайтын мемлекет жоқ. Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғау ҚР Конституциясында, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамасында, «Қазақстан – 2050» Даму стратегиясында, ҚР 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, Қазақстан Республикасының әскери доктринасында, мемлекеттердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық келісімшарттарда, Қорғаныс министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілерінде, Қорғаныс министрі мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы басшысының бұйрықтарында, сондай-ақ, Жетісу облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұйрықтарында анық көрсетілген.

Осыған орай еліміздің бас ордасы – Астана күнінің қарсаңында өскелең ұрпақты Отан қорғауға шақырамын. Әрбір ата-ана баласының мемлекеттің тыныштығы мен бейбітшілігін қорғау арқылы жетістікке жетуге болатынын үйретуі тиіс. Сонда ғана азаматтық борышын атқарудан қашқақтайтын жастардың жағымсыз әрекеті тыйылып, ер баланың бойында отаншылдық рух оянады.

                                                                                                    Айдын Сағынбеков,

полковник,

Жетісу облыстық қорғаныс

 істері департаментінің басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз