Жадыраған жаз қызықтары

1044

Жаз — жылдың керемет мезгілі.  Бұл кезді балалар асыға күтетіндігі сөзсіз. Талдықорған қаласындағы  Оқушылар сарайында «Балдәурен» жазғы ашық алаңы кезең-кезеңмен жұмыс жасап жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазғы алаңның басты мақсаты- балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарды анықтау, балалардың шығармашылық қабілетін жан-жақты бағытта дамытуға көңіл бөлу.

4 маусымды қамтитын жазғы ашық алаңда балалар 10 күннен демалуды жалғастырып жатыр. Әр маусымда 150-дей баланы қамтып отырған алаңда балалар топқа біріктірілген. Әр топта 25 бала бар.  5-6 жастан қабылданатын лагерь таңғы 9-дан 13-00-ге дейін жұмыс жасайды. Күнделікті жоспар бойынша таңертеңгі флешмоб, тәрбие сағаттары, түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Топтық-спорттық ойындар, табиғат аясына саяхат, фильм көрсету тәлімгерлердің бірлескен жұмысының көрінісі.

Сымбат Бакалова, ата-ана:  Менің  3 балам осы лагерге келіп жүр. Жыл сайын балалар осы жердегі демалыс орнын асыға күтеді.  Лагерь тегін.  Бізбен қатар көпбалалы ата-аналар балалар жетектеп әкеп жүр. Бұл жерде мәдени танымдық шаралар көптеп ұйымдастырылады.  Ән айтып, би билеуді ұнатады емес пе балалар әдетте?! Таңертең денешынықтыру мақсатындағы флебмоб өтеді. Балалар бар ықылыстарымен жатыттығулар жасап, музыка ырғағымен билейді. Күнделікті балаларды әкеп жүрмін. Педагогтар да балалардың қызығушылығын жақсы біледі. Кіргеннен жылы сөйлеп өздеріне тартып әкетеді. Қалада ұйымдастырылып отырған «Балдәурен» ашық алаңы жұмысына өте ризамыз.

 

Наина Пак:- Маған демалыс қатты ұнады. Қаланың көрікті жерлерін көріп, суретке түсіп қайттық. Сабақтан бос кезеңде өзіме достар таптым.

Ақжол Қаржаубай:-Мектептен қолымыз босаған шақ керемет кез ғой. Тәлімгердің бастауымен көптеген істер атқарып жатырмыз.  Алаңда балалар үшін қолөнер, робототехника, суретсалу, вокал, хореография, ағылшын тілі бар екен. Сабақ кезінде Оқушылар сарайына келе алмайтын едік. Демалыс кезеңде келіп жүрміз. Ұйымдастырушыларға рақмет айтамыз.

 

Сұлтан Асхатұлы : — Жыл сайын осы жерде демалып қайтамыз. Осы жолы 8 жастағы Аилин мен 5 жастағы Алихан атты інілеріммен осы жердеміз. Өте қызықты болып жатыр.  Ұйымдастырушылардың бағдарламалары да тамаша. Жазғы алаңда балалар шығармашылығы шыңдалып, талантын ашуға жол ашылуда. Сондай-ақ, қала және аймақ бойынша туристік маршруттар әзірленіп, өткізілуде. Өз өлкеміздің тұмба табиғаты мен тарихына ден қойып жатырмыз. Осылайша жазғы алаңның әр күні балалық шақтың тамаша естелігіне толып  жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз