15.3 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 514

Жетісу облысына келген Ғылым және жоғары білім министрі жетістіктер мен алдағы жоспарларымен бөлісті

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына келген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге өңір тұрғындары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен ЖОО студенттері қатысты. Халықпен кездесуде еліміз бен өңіріміздің ғылым және жоғары білім жүйесін дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Министр өз сөзінде Қазақстандағы ғылым, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі...

Жаса, жайна, гүл қалам, Талдықорған!

Қала күніне орай «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің  ұйымдастыруымен көптеген шаралар  өткізілуде.   Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл шаралар  жас ұрпаққа туған өлкеміз - Талдықорған қаласының тарихымен таныстыру, оның  адам өміріндегі маңызына назар аударып,ой-өрісін дамыту,туған жерін сүюге, аялауға, бағалауға,  ізденімпаздыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан. «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қарасты барлық кітапханаларда қала күніне орай  өлең-жыр сағаты, викториналық ойындар, мақал-мәтел сайысы,...

Қала күніне орай ретро-концерт өтті

Талдықорғанда Қала күні аясында «Ән жүректе мәңгі қалады» атты ретро-концерт өтті. «Жастар» саябағындағы өткен ретро концерт  биыл да дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Қала күніне орай, ұйымдастырылып жатқан мәдени шаралар Талдықорғандықтарға ерекше ұнап жатқандығын айтып өткен жөн. Ретро кештің қонағы  қазақ эстрадасының әншісі Меруерт Түсіпбаева өнер көрсетті. Бұдан бөлек, Жетісудың өнерпаздары да ескіден келе жатқан есті  әндермен кешті жалғады. Концертте 70, 80 және...

Талдықорғандағы облыстық архивте «Ашық есік күні» өтті

Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің» тұжырымдамаға сәйкес жыл сайын 21 қыркүйек күні «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу дәстүрге айналған.  Осы жобаны іске асыру негізінде Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Ашық есік» күні өтті. Бұл шараға  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекеме басшылары, сондай-ақ,  жергілікті танымал адамдар,...

Ұлттық қордан балаларға қаражат төленеді

Балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді.  Мәжіліс осы мәселеге қатысты заң жобасын палатының жалпы отырысында қабылдады. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Тұрғын үй сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі. Ал білім алу үшін шетелдік...

Талдықорған командасы облыстық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Тіл сарайында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты  облыстық байқауы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  бұл шараның мақсаты-жергілікті өңірлерде ономастика саласымен айналысатын бөлімдердің жұмысын жетілдіру, сала мамандарын моральдық, материалдық тұрғыдан ынталандыру және олардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен биылғы жылы алғаш ұйымдастырылып отыр.  Шараға аудан, қала әкімдіктерінен ономастика саласымен айналысатын бөлім мамандарынан құрылған барлығы 9...

Талдықорған білімгерлері электронды жол жүру билеттерін қолданады

Баршаға белгілі, жаңа оқу жылы басталғалы мектеп оқушылары қоғамдық көлікте бұрынғыдай жол жүру билеттерін пайдаланбайтын болды. Оқу басталғалы да бір айдай уақыт өтті. Бұл мәселе қалай шешімін тапты деген сауалды Талдықорған қалалық білім бөлімі мамандарына жолдаған едік. Соның жауабын оқып көрелік. «2023 жылдың қыркүйегінен бастап бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында Талдықорған қаласында қоғамдық көлікте оқушылар мен студенттерді электронды жол жүру...

Мемлекеттік сатып алудағы камералдық бақылаудың қорытындысы

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алуды жүргізген камералдық бақылаудағы қызметінің қорытындысы турасында ақпарат алаңына келген спикер Қуаныш Қанатұлы баяндады. Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Қ.Шәріповтің айтуынша, аталмыш бақылаудың мақсаты- заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит...

Цифрлық теңге айналымға қашан енеді

Биыл ұлттық валютаның үшінші формасы – цифрлық теңгені енгізудің бірінші кезеңі аяқталады. Ұлттық банктің мәліметінше, цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін айналымға енеді. Ұлттық банктің хабарлауынша, цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін 3 фазада енгізіледі. Жобаны іске асыру жол картасына сәйкес, 2023 жылы бірінші кезеңі жүзеге асырылуда. Жобаның І фазасын іске асыру қорытындысы 2023 жылы ұлттық валютаның 30 жылдығына орай...

Жемқорлық әдет пе, әлде ауру ма?

Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық әдет пе, әлде ауру ма?» атты қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге қала колледждерінен 9 фракция қатысты. Тартысты ойынға білікті төрешілер тартылды. Нәтижесінде қазақ лигасы бойынша І орынды...