Қала күніне орай ретро-концерт өтті

177

Талдықорғанда Қала күні аясында «Ән жүректе мәңгі қалады» атты ретро-концерт өтті. «Жастар» саябағындағы өткен ретро концерт  биыл да дәстүрлі түрде ұйымдастырылды.

Қала күніне орай, ұйымдастырылып жатқан мәдени шаралар Талдықорғандықтарға ерекше ұнап жатқандығын айтып өткен жөн. Ретро кештің қонағы  қазақ эстрадасының әншісі Меруерт Түсіпбаева өнер көрсетті. Бұдан бөлек, Жетісудың өнерпаздары да ескіден келе жатқан есті  әндермен кешті жалғады.

Концертте 70, 80 және 90 – жылдардың танымал композициялары мен бір кездері ата-әжелеріміздің сүйікті әндері болып, бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған өткен жылдардың хиттері шырқалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз