Талдықорғандағы облыстық архивте «Ашық есік күні» өтті

420

Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің» тұжырымдамаға сәйкес жыл сайын 21 қыркүйек күні «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу дәстүрге айналған.

 Осы жобаны іске асыру негізінде Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Ашық есік» күні өтті. Бұл шараға  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекеме басшылары, сондай-ақ,  жергілікті танымал адамдар, архивтің жеке тектік қор иелері, БАҚ өкілдері, Ілияс Жансүгіров атындағы  Жетісу университетінің оқытушылары  мен студенттері, орта арнайы білім беру ордасының  оқушылары, мұғалімдері   қатысты. Жиналған қонақтар алдында   Жетісу облысының мемлекеттік архивінің бас директоры  Гүлжихан Истамбекова  сөз сөйледі.  Мұнан кейін сөз облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы  Төлеужан Ғұмаров,   ақын, журналист, жазушы, тарихшы, өлкетанушы Қажет Андасқа берілді. Архив  ардагерлері   Рахима Мукашева және  Майра Байденова  ізгі тілектерін білдірді.

Шара қонақтарының  назарларына  архивтің  оқу залында арнайы дайындалған көрме ұсынылды. Арнайы экскурсияны бөлім басшылары Кенже Қанапиянова мен Алма  Зайтунова  таныстырды. Шараға қатысқан оқушылар тарихымыздан сыр шертер  мекеме тарихымен танысуға мол мүмкіндік алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз