Мемлекеттік сатып алудағы камералдық бақылаудың қорытындысы

255

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алуды жүргізген камералдық бақылаудағы қызметінің қорытындысы турасында ақпарат алаңына келген спикер Қуаныш Қанатұлы баяндады. Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Қ.Шәріповтің айтуынша, аталмыш бақылаудың мақсаты- заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісіне беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды өзі жойған жағдайда лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Ағымдағы жылдың 8 айында Жетісу облысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүргізген 336,4 млрд. теңгеден астам сомаға 11769 мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылды.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік мекемелерге 51,1 млрд. теңгеден астам сомаға камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2160 хабарламалар жолданып, сол арқылы 3 мыңнан астам лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.  Көбінесе, заң бұзушылықтар құрылыс, білім беру және жолдарды жөндеу салаларында  орын алады.

Сонымен қатар, уәкілетті орган бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарап, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген жалпы сомасы 1086,8 мың теңгеге 30 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Бүгінгі күні барлық хабарламалар орындалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз