Талдықорған командасы облыстық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

334

Тіл сарайында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты  облыстық байқауы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  бұл шараның мақсаты-жергілікті өңірлерде ономастика саласымен айналысатын бөлімдердің жұмысын жетілдіру, сала мамандарын моральдық, материалдық тұрғыдан ынталандыру және олардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен биылғы жылы алғаш ұйымдастырылып отыр.  Шараға аудан, қала әкімдіктерінен ономастика саласымен айналысатын бөлім мамандарынан құрылған барлығы 9 команда қатысты. Ережеге сәйкес байқау қатысушылары   3 кезең  бойынша өзара бақ сынасты.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені – Талдықорған қаласы алса, І – орын Сарқан , ІІ – орын Текелі қаласы, ал, ІІІ – орын Көксу ауданына бұйырды.

 Талдықорған қаласының намысын қорғаған  қалалық  мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас мамандары Сандуғаш Арнайқызы,  Әділ Исаханұлы  және Өтенай ауылдық округінің бас маманы Айдана Жеңісқызын жеңістерімен құттықтаймыз.

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз