Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық әдет пе, әлде ауру ма?» атты қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирге қала колледждерінен 9 фракция қатысты. Тартысты ойынға білікті төрешілер тартылды. Нәтижесінде қазақ лигасы бойынша І орынды Талдықорған инновация колледжінен «Парасат» фракциясы иеленді. ІІ орын Талдықорған жоғары медициналық колледжінің «Гиппокарат-1» фракциясы, ІІІ орын Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Сөз сарыны» фракциясы мен Талдықорған аграрлы-технологиялық колледжінің «Дарабоз» фракциясына бұйырды. Ынталандыру сыйлығын Талдықорған индустриялық колледжінен келген «Тұлпар» фракциясы иеленді. Орыс лигасы бойынша жүлделі орындарды Талдықорған жоғары медициналық колледжінің «Софисты» фракциясы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Дементры» фракциясы, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің «Гиппократ-2» фракциясы және Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Фортуна» фракциясы өзара бөлісті. Марапат иелеріне диплом және ақшалай серификаттар табысталды.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білімгерлерге әділдік, парасаттылық және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша құнды пікірлері мен дәйекті дәлелдері тыңдалды.