12.1 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 494

Қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау тағы ұзартылды

Жалпы өтініштерді қабылдау уақыты 6 қаңтардан 9 қаңтарға дейін ұзартылды, -деп хабарлайды желілік басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. «ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау, 11 қаңтарды қоса алғанда, жалғасады», – деп жазылған хабарламада. 2024 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау 6 қаңтарда аяқталуы керек еді, бірақ бұл күні ол 9 қаңтарға дейін ұзартылды. Тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестілеушілер күнді, уақытты және...

Қайтадан бетперде тағу міндеттеле ме?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният инфекцияның таралуына байланысты қазақстандықтар қайта маска тағуға мәжбүр бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды өзге желілік  басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz Министр коронавирус инфекциясы жыл бойы және ай сайын тіркелетінін айтты. Ажар Ғиният бойында қандай да дерті бар және егде жастағы адамдар ауруханаларға жиі түсетінін атап өтті. Созылмалы аурулары бар науқастарға, әсіресе тыныс алу,...

Жетісу облысында білімділер сайысы өтті

Жетісу облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі облыстық білім басқармасының "Жетісу дарыны" орталығы 2024 жылдың 3-6 қаңтар аралығында өткізді.   Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиаданың мақсаттары мен міндеттеріне  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау,  білім берудің беделін...

Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында маңызды мәселелер қамтылды. Осы орайда  ел  Президенті: «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқы­мыз­ды ыдырататын емес, біріктіре­тін жолды таңдап, тек қана алға қарауы­­мыз керек. Жалпыұлттық құн­ды­лық­тар бәрінен жоғары тұру­ға тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүр­мін. Тағы да қайталаймын, еңбек­қор­лық, білімпаздық, кәсібилік, бір­лік, ын­ты­мақ, жанашырлық, іскер­лік, баста­ма­шылдық, адалдық, қарапайым­дылық және үнемшілдік – нағыз...

Мақсат- халықтың әл-ауқатын арттыру

Президент  Қ.Тоқаев  «Біз  озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты мақаласында еліміздің дамуына, халықтың әл-ауқатының арттыруына қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.  Маңызы зор мақала болды. Толық нұсқасын қалалық газеттен оқып шықтым. Ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы саясатты жалғастыра беретіндігін жеткізді. Өткен жылдың өзінде Мәжіліс және барлық деңгейдегі  мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш...

Сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясат жалғасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ағымдағы  жылы елі­мізде атқарылар маңызды істер мен   қандай міндеттер тұрғанын баса айтты. Экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың негіз­гі бағыт-бағдары жуық арада айқындалатынын, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясат жалғасатындығын атап өтті. Мәселен биыл елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етеді. Сондай-ақ, дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу...

Талдықорғанда жаңа көпір ел игілігіне берілді

Балықты саяжайының тұрғындары үшін жаңа жыл жақсы жаңалығымен басталды. Себебі, бүгін үлкен қуанышты күн, көптен күткен жаңа көпір қолданысқа берілді. Осынау қуаныштарымен қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы құттықтап, салтанатты түрде көпірдің лентасын қиып ашып берді. Естеріңізге салсақ, қала әкімі саяжай тұрғындарымен жүздесуінде көпірдің мәселесі шешілмей келе жатқандығын және көктем-күз айларында қиындық туғызып, еріген қар суының өткелді басып қалатындығын айтылған болатын. Қала басшысы тұрғындардың...

Талдықорғанда Kcell мобильді операторы 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты

Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының деректері бойынша, Талдықорғанда Kcell мобильді операторы келесі мекенжайлар бойынша 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты. Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Уәлиханов көшесі, 179, фин моншасы; Samal mcr. 33, land for tower; Қабанбай батыр көшесі, «Жетісу» стадионы, жарықтандыру мұнарасы; 2-шағын аудан. d10, TUSM-5. Бұдан басқа, өңірлік провайдер-компаниямен облыс орталығына жақын орналасқан «Ынтымақ» шағын ауданы мен Өтенай ауылы үшін интернет желілерді төсеу...

Жетісу облысында жүгері мәселесі: қалай шешілмек?

Жетісу облысында мемлекеттік органдар жергілікті жүгері өсірушілердің проблемаларын шешу жолдарын тапты, деп хабарлайды taldykorgan-online.kz Жетісу облысы  әкімдікке сілтеме жасап. Бұған ауыл шаруашылығы басқармасының тиісті компаниялармен алтын собықты сату жөніндегі келіссөздері ықпал етті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаевтың айтуынша, шаруалардың мәселесі ақыры шешілді. Дайындаушы компаниялармен жедел түрде жүргізілген келіссөздер алғашқы нәтижелерін берді. Дүйсенбі, яғни биылғы 8 қаңтардан бастап «Іргетас трейд» компаниясы...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар! Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрамда жоғары адамгершілік қасиеттер кеңінен дәріптеледі, ізгілік пен әділдікті орнықтыра түсуге баса мән беріледі. Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық танытуға және мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға үндейді, осы дінге сенетін жандарға үміт пен қуаныш сыйлайды. Басқа дәстүрлі діндер секілді православие де мызғымас рухани құндылықтарды орнықтыру, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру...