Жетісу облысында білімділер сайысы өтті

856

Жетісу облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі облыстық білім басқармасының «Жетісу дарыны» орталығы 2024 жылдың 3-6 қаңтар аралығында өткізді.

  Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиаданың мақсаттары мен міндеттеріне  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау,  білім берудің беделін арттыру болып табылады.
Жетісу өңірінің 8 ауданы мен 2 қаласынан 435  білімді балалар  Талдықорған қаласында бас қосты. Оның ішінде,   жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 192 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 243 оқушы өзара бақ сынасты.
 Олимпиада  2 бағытта  13 пән бойынша өтті. Жаратылыстану-математикалық бағыт — математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндерінде бастау алды.
Ал, қоғамдық-гуманитарлық бағыт — қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілін қамтыған бұл сайыстар  2 турда ұйымдастырылды.

Олимпиаданы өткізуге қойылатын талаптар қатаң сақталды. Әр қатысушыға арналған тапсырмалар мен жауап парақтары таңбаланған. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу барысы, онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз