Талдықорғанда жаңа көпір ел игілігіне берілді

271

Балықты саяжайының тұрғындары үшін жаңа жыл жақсы жаңалығымен басталды. Себебі, бүгін үлкен қуанышты күн, көптен күткен жаңа көпір қолданысқа берілді.

Осынау қуаныштарымен қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы құттықтап, салтанатты түрде көпірдің лентасын қиып ашып берді.

Естеріңізге салсақ, қала әкімі саяжай тұрғындарымен жүздесуінде көпірдің мәселесі шешілмей келе жатқандығын және көктем-күз айларында қиындық туғызып, еріген қар суының өткелді басып қалатындығын айтылған болатын.

Қала басшысы тұрғындардың мәселесіне бейжай қарамай екі айдың ішінде оңтайлы шешіп берді. Енді саяжайда ені 4 метрді,  ал ұзындығы 30 метрді құрайтын көпір арқылы тұрғындардың  еш кедергісіз өтуге мүмкіндік туып отыр. Айта кетейік, көпірдің ағымды жөндеу жұмыстарына 19 млн.теңге бөлінген.

« Қаншама жылдан бері осы мәселені көтеріп келген едік. Әкім уәдесін беріп, уәдесінде тұрды міне көпіріміз әдемі, балаларымыз үшін қауіпсіз болғандығына ризамын. Қуанышымызда шек жоқ», — деді Марат Дүйсенбеков.

.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз