Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс

543

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында маңызды мәселелер қамтылды.

Осы орайда  ел  Президенті: «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқы­мыз­ды ыдырататын емес, біріктіре­тін жолды таңдап, тек қана алға қарауы­­мыз керек. Жалпыұлттық құн­ды­лық­тар бәрінен жоғары тұру­ға тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүр­мін. Тағы да қайталаймын, еңбек­қор­лық, білімпаздық, кәсібилік, бір­лік, ын­ты­мақ, жанашырлық, іскер­лік, баста­ма­шылдық, адалдық, қарапайым­дылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құн­ды­­лықтар. Халқымыздың қуатын арт­ты­рып, табысқа жетелейтін осындай қа­сиеттер мен құндылықтарды жан-жақ­ты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру ар­қылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз», – деп атап өтті. Міне, бұл ұлт құндылықтарын дәріптеп, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, сондай-ақ, еліміздің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге жарқын жол ашады.

                                                                                             Толыбек Данабеков, 

Жетісу облысы «Семей полигонының

мүгедектері мен ардагерлері»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

Талдықорған қаласының

құрметті азаматы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз