Сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясат жалғасады

332

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ағымдағы  жылы елі­мізде атқарылар маңызды істер мен   қандай міндеттер тұрғанын баса айтты.

Экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың негіз­гі бағыт-бағдары жуық арада айқындалатынын, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясат жалғасатындығын атап өтті. Мәселен биыл елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етеді. Сондай-ақ, дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқи­ға болмақ. Бұл жөнінде Президент «Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріп­теу жағынан да, Ұлы даладағы көш­пенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз»,- деді. Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі де жалғасын таппақ. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев­тың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақым­жан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл, Жошы ұлысы­ның іргесі қаланғанына – 800 жыл. Осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеу­лер қолға алынады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмыла жасап жатқан Қазақстан тари­хының көптом­дығын әзірлеу жұмыс­тары да аяқ­талмақ. Жалпы, сұхбаттан түйгенім осындай маңызды оқиғалардан бөлек, күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз емес.

Мәрия Ботаева, кітапханашы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз