Жаңа министрлер ант қабылдады
Үкімет отырысында қызметіне жаңа тайындалған Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Такиев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ант берді, - деп хабарлайды taldykorgan-online.kz басқа желілік басылымдарға сілтеме жасап.
"Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға,...
…Жалғыздықта махаббат бар алғашқы
«...Ажырасқалы бері есік алдымнан еркектер толастаған емес. Сенесің бе, тіпті, күйеуімнің жолдастары да көлігімен келіп есігімді торыды. Бәрінің ойы тек біреу. Ажырасқан әйелді пайдалану ғана. Менің бақытты болғым келмейді деймісің? Мен де мына махаббатты сезінгісі келмеді деймісің, айтшы?Бірақ біздің қоғамда ажырасқан әйелдердің бақытты болуға хақысы жоқ»...
Театр. Премьера. Сахна. Жаңа серпін. Бұл жолғы қойылым бұрынғыдан өзгерек болды. Расымен, жәй ғана...
Ауыл халқының табысы артуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен оның қосылған құнын арттыру, кооперативтерді дамыту стратегиялық міндет екенін атап өткен болатын. Осы орайда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, еліміз бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты.
Өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өңірде жалпы сомасы 142,8 млн....
Маска тағу режимі қайта оралды
Аймақта ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар мен эпидемиологиялық ахуал жөнінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев баспасөз мәслихатында хабарлады.
Спикердің айтуынша облыста қызылша мен коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы тұрақты.Сырқаттанушылық деңгейін төмендету мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Қызылша жұқпасымен сырқаттану қараша айының соңындағы жағдаймен салыстырғанда біршама төмендеп отыр. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында КВИ-дің...
Президент табиғат тосын мінез танытқанда жанқиярлықпен еңбек еткен қызметкерлерге алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғат тосын мінез танытқанда жанқиярлықпен еңбек еткен бір топ азаматқа алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды. Бұл туралы ақпарат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.
"Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль...
Парақ тайм-2024: Кітап оқу мәдениетіне үндейді
«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің 7-8-9 ақпан күндері үш күнге созылған «Парақ тайм-2024» атты кітап жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Жәрмеңкенің жабылуына қаламыздың ардагерлері,ақын-жазушылар,балалар,жасөпірімдер,мұғалімдер,қала тұрғындары қатысты.
Жәрмеңкеде «Атамұра», «Асыл қазына» дүкендері ақын жазушылардың кітаптары қолжетімді бағада ұсынды. Рухани шараға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуат Қайранбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайрат Бестібаев және Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының...
Талдықорғанда газтурбиналық станция салынады
Талдықорған қаласында электр және жылу энергиясын өндіруді ұлғайту мақсатында газтурбиналық станция салу жоспарланып отыр. Оған жеке инвестор 37 млрд. теңге қаражатын салмақшы. Бүгін осы мәселеге қатысты Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов инвестор компанияның өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында Әсет Қанағатов елімізде, соның ішінде Жетісу өңірінде экономиканың елеулі дамуының нәтижесінде электр және жылу энергиясына...
Талдықорғандағы «Самал»»мөлтек ауданынан «Жарық» әлеуметтік дүкен ашылды
Талдықорғанда жаңа форматтағы үшінші дүкен ашылды. Бұл алдыңғыларға қарағанда әлдеқайда кең әрі жайлы сауда орны, мұнда әлеуметтік маңызы бар тауарлар 15-20% төмен бағада ұсынылады , - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап taldykorgan-online. kz.
Халыққа пайдасы мол бұл сауда нысаны "Жетісу" ӘКК" ӨДИ" АҚ-ның қолдауымен "Свет-Ко" ЖК-мен бірлесіп ашылды. "Жарық" әлеуметтік жаңа дүкені "Самал" шағын ауданында орналасқан.
Мұнда облыстың...
Мұқағали Мақатаев туралы 10 дерек
1. Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-33 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты.
2. Болашақ ақын ер мінезді әжесі...
Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы
Қазақстан Республикасы халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы
берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус
инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар)
таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің
облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық
сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі –
аумақтық департаменттер) басшылары:
1)медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің
медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
2) халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың
және ЖРВИ профилактика шаралары туралы...




























