Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы

339

Қазақстан Республикасы халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы
берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус
инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар)
таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің
облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық
сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі –
аумақтық департаменттер) басшылары:
1)медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің
медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын;
2) халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың
және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын
жүргізуді қамтамасыз етсін.
2. Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының
жергілікті атқарушы органдарына, Орталық мемлекеттік органдарға,
меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға:
1) халықтың көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол
вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары,
сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.),
көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі)
медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным
берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз