15.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 467

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай,...

Жетісу облысында Антикор 2,6 млрд теңгенің игерілуін бақылауға алды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Саян Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін картада құрылыс және тұрғын үй, экология, фискалдық, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала, жол және инфрақұрылым, проблемалық құрылыс нысандары, апаттық және тозығы жеткен үйлер, агроөнеркәсіптік кешен сияқты 9...

Талдықорғандық диқандар көктемгі егістік жұмыстарына дайындалуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында  «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.    Қасиетті Жер ананың халықты азық-түлікпен, етпен, көкөніс түрлерімен қамтитын шағы жақындады. Көктем айы -  жер мен   егістік алқаптарды  баптайтын шақ. Осы  көктемгі дала жұмыстары   қалай атқарылып жатқандығы   турасында Талдықорған қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абзал...

Қадір түнінің салмағы мың айдан да қайырлы

Қадір түні – Алла Тағала періштелерге әмір етуімен Құран Кәрімді Лаухул Махфуздан (барлық жаратылыстың тағдыры жазылған кітап) Байтул Ғиззаға (дүние аспаны) түсірген қасиетті түн.  Ол жайлы Алла Тағала Құранда: «Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік» деп айтқан. Кейін 23 жыл бойы түрлі себептер мен оқиғаларға байланысты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи етіліп отырған. Бұл түннің артықшылығы жөнінде Алла Тағала Құранда...

Жетісу өлкесіне — 80 жыл. Тарихи құндылықтар және ұмытылмас деректер

Жетісу облысының мемлекеттік архиві және М.Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп  «Жетісу өлкесіне - 80 жыл» толуына орай  «Архивтер сөйлейді:Тарихи құндылықтар және ұмытылмас деректер»» атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. Бұл  көрме М.Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялар залына құрылды. Шараның  ашылу салтанатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерге алғыс...

«Менің атым Қожа» повесі балаларды адамгершілікке тәрбиелейді

"Бір ел-бір кітап" аясында Талдықорған қалалық орталық кітапхананың оқу залында №16 орта мектеп-гимназиясының оқушыларымен балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай  «Менің атым Қожа» атты повесіне дискуссия өтті.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты -  Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Балалар повестегі әр кейіпкер туралы өз ойларын ортаға салды.

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры болып тағайындалды. ️Университет ұжымына жаңа басшыны ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов таныстырды. Е.Ә.Бөрібаев 1975 жылдың 6 ақпанында Алматы облысында дүниеге келген. 1992-1998 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің «Құқықтану» мамандығында бакалавр және магистратура бойынша білім алған. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Ұлттық заң академиясының Академигі. Жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі 25 жылдан астам. Бұған дейін...

Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  Көксу ауданында «Bastama 2.0» жобасын бастайды. Бұл жөнінде Еңбекші ауылдық округінің әкімі Мұрат Қобдалиев, «Жас ұрпақ» ЖҚБ төрайымы Бақыт Қалиева және «Жас ұрпақ» ЖҚБ үйлестірушісі Дархан Асқанбаев толығырақ айтып өтті. Жобаның мақсаты – жергілікті жерлердегі тұрғындардың үкіметтік емес ұйым жұмысына қатысу...

Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді

Зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек

Жетісу облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды. Осы орайда, алғашқылардың бірі болып Жетісу облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері көмек қолын созды. Еске сала кетейік, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген еріктілер мен өңір тұрғындары үшін Талдықорған қаласы, Қонаев 47, «Жетісу жастары» орталығы мен «Қаратал» ықшам ауданы 22B «Amanat» партиясы облыстық филиалы мекенжайларында арнайы...