Жетісу өлкесіне — 80 жыл. Тарихи құндылықтар және ұмытылмас деректер

244

Жетісу облысының мемлекеттік архиві және М.Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп  «Жетісу өлкесіне — 80 жыл» толуына орай  «Архивтер сөйлейді:Тарихи құндылықтар және ұмытылмас деректер»» атты тақырыптық көрме ұйымдастырды.

Бұл  көрме М.Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялар залына құрылды. Шараның  ашылу салтанатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерге алғыс хат табыстады. Мәртебелі меймандар Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» ардагер зейнеткер Наурыз Қылышбаев,  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, ардагер зейнеткер Құлтай Нұрқалбаев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Рашид Оразов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлжан Тілеубекова, орталық мемлекеттік архивінің қызметкері Айгүл Шалабаева, Жетісу облысының мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану және ғылыми анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Кенже Қанапиянова ізгі тілектерін білдіріп,  көрменің маңызы жайлы, өткен тарих туралы өз ойларын ортаға салды.

Жетісу өлкесіне 80 жыл толуы- ұрпақтар сабақтастығының жалғасы, ұлт тарихының қазынасын, өткен күн мен бүгінгі шақ арасын зерделеп, салмақтау.

                                                                                              Бұлбұл Мәкенова,

                                                 Жетісу  облыстық мемлекеттік архивінің архивисі 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз