Зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек

234

Жетісу облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды. Осы орайда, алғашқылардың бірі болып Жетісу облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері көмек қолын созды.

Еске сала кетейік, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген еріктілер мен өңір тұрғындары үшін Талдықорған қаласы, Қонаев 47, «Жетісу жастары» орталығы мен «Қаратал» ықшам ауданы 22B «Amanat» партиясы облыстық филиалы мекенжайларында арнайы пункт ашылды.

Көмек ретінде берілетін заттар: жылы киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық, тұрмыстық заттар, т.б.

Маңызды: Әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттар және тез бұзылатын азық-түлік қабылданбайды.

Анықтама үшін: Асхат Досмұхамбетов +7 775 465 86

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз