Қадір түнінің салмағы мың айдан да қайырлы

80

Қадір түні – Алла Тағала періштелерге әмір етуімен Құран Кәрімді Лаухул Махфуздан (барлық жаратылыстың тағдыры жазылған кітап) Байтул Ғиззаға (дүние аспаны) түсірген қасиетті түн.

 Ол жайлы Алла Тағала Құранда:

«Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік» деп айтқан. Кейін 23 жыл бойы түрлі себептер мен оқиғаларға байланысты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи етіліп отырған.

Бұл түннің артықшылығы жөнінде Алла Тағала Құранда былай дейді:

«Қадір түні мың айдан да қайырлы».

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі» дейді.

Қадір түні Рамазанның қай түні болады?

Жауап: Қадір түні рамазанның қай түні екендігі жайлы екі риуаят бар:

  1. Соңғы он күннің тақ түндері. Айша (Алла оған разы болсын) анамыз: «Қадір түнін рамазанның соңғы он күннің тақ түндерінен іздеңдер» деген хадис жеткізген. Және Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) жеткен: «Қадір түнін рамазанның соңғы он күнінен, қалған тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер» деген риуаят бар.
  2. Жиырма жетінші түн: Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Қадір түнін жиырма жетінші түннен іздеңдер» деген.

Убай ибн Кағб қадір түні жайлы былай дейді: «Аллаға серт! Расында мен ол түннің қай уақыт екенін білемін. Білуімше Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнін құлшылықпен өткізуге әмір еткен түн – ол жиырма жетінші түн».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз