Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры болып тағайындалды.
️Университет ұжымына жаңа басшыны ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов таныстырды.
Е.Ә.Бөрібаев 1975 жылдың 6 ақпанында Алматы облысында дүниеге келген.
1992-1998 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің «Құқықтану» мамандығында бакалавр және магистратура бойынша білім алған.
Заң ғылымдарының докторы, профессор. Ұлттық заң академиясының Академигі.
Жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі 25 жылдан астам. Бұған дейін «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма мүшесі – Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор қызметін атқарған.