Жетісу облысында Антикор 2,6 млрд теңгенің игерілуін бақылауға алды

213

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Саян Ахметжанов БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдегі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін картада құрылыс және тұрғын үй, экология, фискалдық, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала, жол және инфрақұрылым, проблемалық құрылыс нысандары, апаттық және тозығы жеткен үйлер, агроөнеркәсіптік кешен сияқты 9 негізгі салалары анықталды.
Кәсіпкерлік саласы мемлекеттік органның ерекше бақылауында. «Бизнеске жол» жобасы аясында жыл басынан бері 10 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Қаржыландыру мәселелері реттеліп, шарттар ұзартылды.
Мемлекеттік сатып алуға байланысты 363 млн теңгеге тиімсіз жұмсаудың 13 фактісі анықталды. Ал әкімшілік практикада 2024 жылы 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 1 107 600 теңге сомасына айыппұл өндіріліп, барлық сомалар толық көлемде өтелді.
Жол саласы бойынша сертификатталмаған және сапасыз материалдарды қолдану тәуекелдері жойылды. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жергілікті атқарушы органның 2,6 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алуының күшін жойды.
Саян Қылышұлы өз сөзінде Жетісу облысы бойынша тәуекел картасында тұрған проблемалық құрылыс объектілерін де атап өтті. Олар Талдықорған қаласының коттедж қалашығында стандартты 2-ші және 3-ші коттедждің құрылысы, қаланың суару желілерін қайта жаңарту. Алакөл көлінің қоршау бөгетін салу. Аталған мәселелер департамент тарапынан қаралып, күнделікті мониторинг жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз