12.1 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 465

Жетісулық жолшылар Атырау облысына аттанды

Апат аймағына «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облыстық филиалының және «ҚАЖсервис» ЖШС-нің білікті мамандарымен қатар төрт жүк көлігі және үш арнайы техника жөнелтілді. Жұмысшылар мұнайлы өлкедегі су тасқынының зардаптарын жоюға атсалысады. Сонымен қатар бөгет, тоспа дайындау сынды шаруаларды атқарып, су шайып кеткен жолдарды қалпына келтіреді.

Елімізде «Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

ҚР Әділет министрлігі 1 сәуір мен 23 сәуір аралығында «Антиконтрафакт» республикалық акциясы өтетінін хабарлайды. Шара зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру және қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Елтай Аубакиров бөлісті. «Аталған акция шеңберінде түрлі конкурстар ұйымдастырылмақ. Атап айтсақ, 1-10 сәуірде...

Жас директорлар бақ сынады

Талдықорған қаласындағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында  жаңадан тағайындалған мектеп басшыларына  арналған  «Жас менеджер» облыстық  байқауы  өтті. «Табысты басшы» жобасы аясында қолға алған байқаудың мақсаты шығармашыл мектеп басшыларын  анықтау. Мұнда жалпы орта білім беру ұйымдары және шағын жинақты мектеп басшылары өзара біліктілігін сынады.Облыстық байқауға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарынан 9 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Байқау барысында облыстық...

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы коммуналдық кәсіпорындарының қызметіндегі бұзушылықтарды анықтады

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғаужәне дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойыншадепартаменті (бұдан әрі-Департамент) «Қорғасхалықаралық шекара маңы ынтымақтастығыорталығы» арнайы экономикалық аймағыныңБасқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының, «Қорғас-Коммерц», «Қорғас-Энерго» және«Қорғас-Сервис» жауапкершілігі шектеулісеріктестіктері еншілес компаниялары тарапынанмонополияға қарсы заңнаманың бұзылғанынанықтады. Бұл серіктестіктер 100% коммуналдық меншікте. Анықталған бұзушылықтар, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына қайшы келеді, атап айтқанда «Қорғас-Сервис» ЖШС-нің 8 қызмет түрінен 6 қызмет түрі, «Қорғас-Энерго» ЖШС-нің 11 қызмет түрінен...

«Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл: цифрландыру мемлекеттік қызметтер саласын қалай өзгертті

8 жыл ішінде Мемлекеттік корпорация 302 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 1281 қызмет түрін алуға болады. Оның 41-і қағаз жүзінде, 486 қызмет – қағаз және электронды түрде және 754-і тек электронды түрде көрсетіледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің көшін бастаған электрондық цифрлық қолтаңба алу қызметі. Оған 3,4 млн рет тапсырыс берілген. Екінші орынға...

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қала әкімдігінің 01.04.2024 жылғы №243 қаулысының негізінде ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап қалалық автобустарда жол жүру құны қолма-қол ақшасыз төлем үшін 120 теңге, қолма-қол ақшамен – 150 теңгені құрайды. АНЫҚТАМА Қала бойынша қолданыстағы 80 теңге тарифі 2017 жылдың желтоқсан айында белгіленген. Тасымалдаушылардың негізгі шығындарының құны орта есеппен үш есеге өсті: жанар-жағармай, дөңгелек және жалақы. Шығындардың артуы және...

Жетісулықтар су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті

Бүгін Жетісу облысынан су тасқынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл қолдау шарасы «Amanat» партиясының облыстық филиалы мен «Мейірімді Жетісу» волонтерлік фронт офисі арқылы жүзеге асырылды. Осы күні жалпы сомасы 40 миллион теңге болатын 85 тонна азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар жөнелтілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. Облыстық қоғамдық...

Экологиялық акцияның маңызы зор

"Таза Қазақстан" акциясы   өңірімізді гүлдендіруге, тазартуға, арық-тоғандарды қоқыстан тазартуға үндейді. Президенттің облыс, қала әкімдерінің назарын осы  көгалдандыру ісіне аудартуының маңызы зор. Бүгін арнайы тапсырмалар жүктеді. Су тасқыны орын алған аймақтардан өзге өңірлер абаттандыру ісіне назар аудару керектігін айтты.  Республикалық тазалық акциясының негізгі мақсаты - қоғамдық мәдениет пен сананы, мүлікке, табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді. Жер жаннаты Жетісуда тазалық сенбіліктері жылына...

Киелі мекен таза болсын!

Бүгін республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алды. Әрі Мемлекет басшысы әр аймақ, қала басшыларына көгалдандыру, абаттандыру мәселесіне орай тапсырмалар берді.  « Таза  Қазақстан»  акциясының  бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды. 20 сәуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» аты беріледі....

Құрғақ уәде мен сылдыр сөз емес, жүйелі жұмыс қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырып, сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндетін де жүктеді. Жалпы, аталмыш  жұмыстар қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, туристік саланы дамытуға да ерекше серпін береді. Сондықтан жауапты орган тарапынан  құрғақ уәде мен сылдыр сөз...