Жас директорлар бақ сынады

140

Талдықорған қаласындағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында  жаңадан тағайындалған мектеп басшыларына  арналған  «Жас менеджер» облыстық  байқауы  өтті.

«Табысты басшы» жобасы аясында қолға алған байқаудың мақсаты шығармашыл мектеп басшыларын  анықтау. Мұнда жалпы орта білім беру ұйымдары және шағын жинақты мектеп басшылары өзара біліктілігін сынады.Облыстық байқауға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарынан 9 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Байқау барысында облыстық білім басқармасы басшысы Марат Сүлейменов қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Білім додасы үш кезеңді қамтыды. Алғашқыда  «Менің кәсіби көзқарасым» атты бейнебаян сырттай өткізілді. Одан кейін «Мектепті басқару моделі» жобасын қорғады. Соңғы кезеңде «басқару жағдаяттарын шешу»  идеясын жүзеге асырды.

Жиын соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, облыстық әдістемелік орталығының дипломдарын табыстады. I орынға қараталдық Жамбыл атындағы мектептен Назира Артықбаева ие болды. II орынды көксулық Мұсабек атындағы мектептен Шолпан Нургазинова менкербұлақтық Қосағаш мектебінен       Нуркен Калыбеков қанжығалады. Ал үшінші тұғырға панфиловтік Тасарық мектебіненҚазыбек Аскарбек пен ескелділік С.Сейфуллин  мектебінен Дильбар Тамышева көтерілді. Қалған жас директорлар алғыс хаттармен марапатталады.

Мұхтар КҮМІСБЕК

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз