Құрғақ уәде мен сылдыр сөз емес, жүйелі жұмыс қажет

192

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырып, сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндетін де жүктеді. Жалпы, аталмыш  жұмыстар қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, туристік саланы дамытуға да ерекше серпін береді. Сондықтан жауапты орган тарапынан  құрғақ уәде мен сылдыр сөз берілмей, жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс. Ағаштар мен өсімдіктер отырғызылғаннан кейін уақытылы күтім жасалып, аула аумақтары да әрқашан назардан тыс қалмағаны абзал. Бұл ретте халықтың пікіріне құлақ асып, мәселелер дер кезінде шешімін табуы қажет деп ойлаймын. Себебі, өмір сүріп отырған аймағымыздың  жайлы болуы әр тұрғын үшін аса маңызды фактор болып табылады.

Самал Болатхан, қала тұрғыны

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз