Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғаужәне дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойыншадепартаменті (бұдан әрі-Департамент) «Қорғасхалықаралық шекара маңы ынтымақтастығыорталығы» арнайы экономикалық аймағыныңБасқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының, «Қорғас-Коммерц», «Қорғас-Энерго» және«Қорғас-Сервис» жауапкершілігі шектеулісеріктестіктері еншілес компаниялары тарапынанмонополияға қарсы заңнаманың бұзылғанынанықтады. Бұл серіктестіктер 100% коммуналдық меншікте.
Анықталған бұзушылықтар, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына қайшы келеді, атап айтқанда «Қорғас-Сервис» ЖШС-нің 8 қызмет түрінен 6 қызмет түрі, «Қорғас-Энерго» ЖШС-нің 11 қызмет түрінен 6 қызмет түрі және «Қорғас-Коммерц»ЖШС-нің 6 қызмет түрінен 6 қызмет түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095қаулысының 4-тармағына сәйкес келмеді.
Анықтама:Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысуүлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекеткетиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестестұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерініңтізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметібекітеді.
Осыған байланысты, Департамент монополияғақарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою мақсатындаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 қаулысының 4-тармағына сәйкессәйкестендіру жолымен қолданыстағы заңнамағасәйкес келмейтін қызмет түрлерін жүзеге асырудытоқтату бөлігінде серіктестіктерге қатыстынұсқамалар шығарды.
Аталған нұсқамалар сотта қаралды, шешімдерДепартаменттің пайдасына қабылданды.