Апат аймағына «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облыстық филиалының және «ҚАЖсервис» ЖШС-нің білікті мамандарымен қатар төрт жүк көлігі және үш арнайы техника жөнелтілді. Жұмысшылар мұнайлы өлкедегі су тасқынының зардаптарын жоюға атсалысады. Сонымен қатар бөгет, тоспа дайындау сынды шаруаларды атқарып, су шайып кеткен жолдарды қалпына келтіреді.