«Таза Қазақстан» акциясы өңірімізді гүлдендіруге, тазартуға, арық-тоғандарды қоқыстан тазартуға үндейді. Президенттің облыс, қала әкімдерінің назарын осы көгалдандыру ісіне аудартуының маңызы зор. Бүгін арнайы тапсырмалар жүктеді. Су тасқыны орын алған аймақтардан өзге өңірлер абаттандыру ісіне назар аудару керектігін айтты. Республикалық тазалық акциясының негізгі мақсаты — қоғамдық мәдениет пен сананы, мүлікке, табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді. Жер жаннаты Жетісуда тазалық сенбіліктері жылына екі рет, көктем және күзгі уақытта қолға алынып келеді. Экологиялық сенбіліктер айналаны таза ұстауға, вандализмге қарсы қоғамдық сананы қалыптастыруға тәрбиелейтіндігі сөзсіз.
Игі бастама аясында жастарды ынтымақ пен өзара көмекке үйрететін, жақсы қасиеттерді насихаттайтын қайырымдылық істер қолға алынары сөзсіз.
Ербол Смағұл, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті