3.8 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 18 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 446

«Таза Қазақстан» акциясы Талдықорғанда жалғасуда

Облыс орталығы талды қаламызда абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Атап айтқанда, жолдар ретке келтіріліп, жол белгілері жаңартылып, саябақтар мен скверлердің орындықтары сырланып, гүл егу жұмыстары да басталды. Сонымен қатар, қала арықтарына су жіберіліп, егілген жасыл желектер қарқынды түрде уақытылы суғарылуда. Естеріңізе салсақ, көктем айында қала аумағында орналасқан арық өткелдері құм-қайырдан тазартылып, арық арналарын ретке келтіру жұмыстары әлі де жалғаспақ. Бұдан бөлек, тазалық...

Денсаулық күзетіндегі талдықорғандық дәрігерлер

 Ауру азабын тартқан сәтте ажалға араша болатын ақ халатты жандардың еңбегі қашанда  өлшеусіз.   Уайым кешкен жүрекке сабыр сыйлайтын, күдікті сейілтіп, үмітті қайта жандырып, аурудан айықтыру үшін бар күш-жігерін аямайтын қолы алтын, жүрегі нұрлы ақ желеңді абзал жандарға қандай мақтау сөз айтсаңыз да артық етпейді. Медицина қызметкерлерінің  кәсіби мерекесі  қарсаңында дәрігерлер қауымына айтылар алғыс ерекше.  Күндіз-түні ауруына шипа іздеген халыққа көмек...

Жаңа медицина талабы – өркениетті білімде

« Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» дейді халық даналығы. Бұл тұрғыдан келгенде біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі, тіпті, артық. Әсіресе, медицина жүгі ауыр салалардың бірі.  Елімізде маусым айының үшінші аптасы Медицина қызметкерлерінің кәсіби мейрамы. Осынау айтулы күн қарсаңында  ШЖҚ "Талдықорған жоғары медициналық колледжі" МКК директоры, медицина ғылымының кандидаты, қалалық мәслихаттың депутаты  Жансеңгіров Серік Максимұлымен еңбек...

Десантшылар жауынгерлік әзірліктерін көрсетті

Жетісу гарнизонындағы 37-ші Десанттық-шабуылдаушы бригадасы дабыл бойынша көтеріліп жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.  Бұл туралы Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі хабарлайды. Десантшылар кез келген тапсырманы орындауға сақадай сай. Жаңа кезең «Айбынды армия – тәуелсіздік кепілі» ұранымен жалғасты. Жауынгерлік дайындық апталығының іс-шаралары хабарландыру жүйесінің тиімділігін тексеруге, штабтар жұмысының үйлесімділігін арттыруға және жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру кезіндегі іс-қимылдардағы жеке құрамның практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.    Әскери бөлім...

«Қорғас- Коммерц» ЖШС іс-әрекеттерінде заң бұзушылық анықталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы «АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы «Қорғас-Коммерц» ЖШС іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады. Тексеру нәтижелері бойынша «Қорғас-Коммерц» ЖШС конкурстық іріктеу өткізбей, «Қорғас» ХШЫО Қытай бөлігінен келген «Қорғас» ХШЫО аумағында жолаушыларды тасымалдау бойынша «Silk Road Starliht Tour» ЖШС-мен Консорциум...

Басты қағида: «Нұқсан келтірме!»

Өмір сүру сапасын жақсартуды, ұрпағының амандығын ойлаған кез келген адам өз денсаулығына салғырттық танытпай, зор жанашырлықпен hәм жауапкершілікпен қарауы тиіс. Адамзаттың ең бірінші, құнды байлығы деннің саулығы екенін ата-бабамыз сан мыңдаған жылдар бұрын айтып кетті емес пе?! Денсаулық – Алла Тағаланың берген үлкен нығметімен қатар  біздерге жүктелген аманат деп танылады. «Ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл!», – деген өсиет тегін айтылмағанын...

«Алданып қалдық»

Сізді көзіңізді тексеру бойынша презентацияға шақырып, соңында массаж шапандарын 1 миллион теңгеге несиеге рәсімдеп жіберді ме? Құрметті Жетісу облысының тұрғындары! Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің атына Алматы қаласынан белгілі бір компания тарапынан алдау және жаңылыстыру бойынша шағымдары бар өңір тұтынушыларынан өтініштер келіп түсуде. 7 маусым күні заңды тіркелген алматылық компания Талдықорған қаласы, Қарабұлақ ауылында көзді тексері және көзәйнектерді...

ҚҰРҒАҚ СҮТТІ ТАБИҒИ СҮТ ӨНІМІ ДЕП САТЫЛУДА!

Құрметті өңір тұрғындары! Сіз сүт сатып алғанда, не нәрсеге назар аударасыз? Бағасы? Сапасы? Немесе майдың пайызы? Өкінішке орай, сатып алушылар пакеттің немесе сүт қорабының артқы жағында жазылған құрамына әрқашан назар аудара бермейтінін атап өткіміз келеді. Дайын өнімнің қаптамасында құрғақ сүтті пайдалану туралы ақпарат көрсете бермейді және ол табиғи сүт сияқты сатылады, бұл жағдай кейде сатып алушыларды шатыстыруда. Департамент егер тауардың таңбалауында...

Заманауи онкологиялық орталық салынады

Талдықорғанда инвесторлар өз қаражаты есебінен заманауи онкологиялық орталық салады. Осыған орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Денсаулық сақтау министрлігі, «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы үш жақты меморандумға қол қойды. Өз сөзінде Бейбіт Исабаев өңірде жаңа онкологиялық орталық салу туралы тапсырманы Ел Президенті Жетісу облысына келген жұмыс сапары барысында бергенін атап өтті. - Әр түрлі нұсқалар болды. Алдымен біз салынып жатқан ғимараттың қолданылу мақсатын өзгертуді...