«Таза Қазақстан» акциясы Талдықорғанда жалғасуда

126

Облыс орталығы талды қаламызда абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Атап айтқанда, жолдар ретке келтіріліп, жол белгілері жаңартылып, саябақтар мен скверлердің орындықтары сырланып, гүл егу жұмыстары да басталды.

Сонымен қатар, қала арықтарына су жіберіліп, егілген жасыл желектер қарқынды түрде уақытылы суғарылуда.

Естеріңізе салсақ, көктем айында қала аумағында орналасқан арық өткелдері құм-қайырдан тазартылып, арық арналарын ретке келтіру жұмыстары әлі де жалғаспақ.

Бұдан бөлек, тазалық жұмыстары мен қатар, шөп шабу, ағаштарды белгілі бір пішінде ретке келтіру жұмыстары да жалғасуда.

Айта кеткен жөн, қаланы көгалдандыру және абаттандыру мақсатында биылғы жылы қала аумағына 50 мыңға жуық гүл шоқтары егілмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз