Сізді көзіңізді тексеру бойынша презентацияға шақырып, соңында массаж шапандарын 1 миллион теңгеге несиеге рәсімдеп жіберді ме?
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің атына Алматы қаласынан белгілі бір компания тарапынан алдау және жаңылыстыру бойынша шағымдары бар өңір тұтынушыларынан өтініштер келіп түсуде.
7 маусым күні заңды тіркелген алматылық компания Талдықорған қаласы, Қарабұлақ ауылында көзді тексері және көзәйнектерді акциямен алу бойынша презентация өткізіп, артынан тұтынушыларға 1 200 000 теңгеге массаж шапандарын несиеге рәсімдеп жіберген.
Осыдан кейін тұтынушылар 10 маусымнан бастап Департаментке алданып, жаңылыстырылғанына шағымдана бастады! Негізінен зейнеткерлер. Әзірге 2 азамат жүгінді, бірақ адамдар саны артуы мүмкін.
Егерде Сіздердің құқықтарыңыз бұзылса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 78, мекенжайы бойынша біздің департаментке жүгінуді сұраймыз.Байланыс тел: 87282415610, 87714412905
Назарларыңызға сала кетсек, тұтынушының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 7-бабының 7-тармақшасына сәйкес тиісті де, тиісінше емес сападағы тауарды айырбастауға немесе қайтаруға құқығы бар.
Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы ретінде дүкен иесінен құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуын ерікті түрде жою туралы талаппен шағым жолдай алады.
Департамент әр тұтынушыға құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ заң нормаларын іске асыруға сотқа дейінгі талап қоюға көмектесуге дайын екендігін білдіреді.