Денсаулық күзетіндегі талдықорғандық дәрігерлер

266

 Ауру азабын тартқан сәтте ажалға араша болатын ақ халатты жандардың еңбегі қашанда  өлшеусіз.   Уайым кешкен жүрекке сабыр сыйлайтын, күдікті сейілтіп, үмітті қайта жандырып, аурудан айықтыру үшін бар күш-жігерін аямайтын қолы алтын, жүрегі нұрлы ақ желеңді абзал жандарға қандай мақтау сөз айтсаңыз да артық етпейді. Медицина қызметкерлерінің  кәсіби мерекесі  қарсаңында дәрігерлер қауымына айтылар алғыс ерекше.

 Күндіз-түні ауруына шипа іздеген халыққа көмек бергендер  қатарында ШЖҚ «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы»  МКК ұжымы алғы шептен көрініп келеді. Күнделікті 100-ден аса науқасқа медициналық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап отырған  ұжымда  жалпы 600-ден аса  қызметкерлер бар.

 Медицина ғылымының кандидаты,  аурухана директоры Садықов Асқар Маратұлы: «Талдықорған  қалалық көпсалалы ауруханада 11 бөлім және реанимация, диагностика, жарақатқа жәрдем беру, қабылдау бөлімдері  денсулық күзетінде тәулік бойына науқастарды қабылдайды. Ауруханамызда ересек және балаларға арналған ЛОР орталығы және гемодиализ бөлімі бар. Көз ауруларын емдеуге және консультация беруге арналған Офтальмология орталығы жұмыс жасайды.  Ауырып  шипа іздегендердің жанына жалау болатын     білікті   мамандар бізде  жетерлік».

Халықтың денсаулығы күзетіндегі ақ халатты абзал жандар көптің көңілін шығып, алғыс арқалап келеді. Бірлігі мен берекесі жарасқан ұжымға сәттілік пен денсаулық тілейміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз