Қала әкімі Ернат Бәзіл бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Талдықорғанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесі ерекше құрметте аталып өтілді. Салтанатты шараның шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Қала әкімі талды қаламызда қажырлы еңбек етіп жүрген қаламгерлерді және БАҚ саласында өзіндік ізі бар журналитстерге Құрмет грамотасын және Алғыс хатын табыс етіп, ақжарма тілегімен жалғады.
«Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халықтың...
Талдықорған мектептерінің оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл алуда
Талдықорған қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинауда.
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, әзірге ең жоғары балл Қ. Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп лицейін бітірген Алмат Санатұлына тиесілі, «Математика-география» бағытын таңдаған ол 132 балл жинады. Мұнан кейін Шағын орталығы бар М.Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназияның түлегі Сабина Әбілақат тұр. Ол «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша...
Шағын БАҚ пен блогерлер үшін 7 000 000 теңгеге дейін грант тағайындалды
«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өңірлік БАҚ пен блогерлер арасында грантқа байқау жариялады.
Гранттар сомасы 3-тен 7 млн теңгеге дейін. Қаржылық қолдауға ие бола алатындар:
Өңірлік шағын БАҚ;
Цифрлы контент авторлары (блогерлер).
Шағын өңірлік БАҚ арасындағы конкурсқа өтінімдер 2024 жылғы 25 маусымнан 15 шілдеге дейін, блогерлер арасында – 2024 жылғы 25 маусымнан 24 шілдеге дейін қабылданады.
Екі байқаудың...
Ұлттық жаңғыру. Архив құжаттарын сақтауда инновациялық технология қолдануда
Жетісу облысында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің күндері өтті. Аталған дәстүрлі жобаның аясында Архивтің қызметкерлері өңірлеріндегі әріптестерімен өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шара Талдықорған қаласының "Тіл сарайы" ғимаратында Президент Архивінің 30 жылдығына арналған тарихи-деректі көрменің ашылуымен басталды. Бұл көрмеде 1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві тарихы ұсынылды. Дәстүрлі жобаның серіктестері Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Жетісу...
Жетісулық журналистер кәсіби мерекесі қарсаңында мемлекеттік наградаға ие болды
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында журналистерге мемлекеттік наградалар табыс етті. Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистикасы мен телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар табыс етті.
Мәселен, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміреев Жұматай Оспанұлы Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен отандық журналистикаға және телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен...
Талдықорғанда ауа райының қатты ыстық болуына байланысты бақтар мен гүлзарларды суарудың түнде режимі енгізілді, яғни түнгі сағат 23:00-ден танертеңгі сағат 6:00-ге дейін суарау қажет.
«Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның мәлімдеуінше, бұл шара ауыз судың тапшылығына жол бермеу үшін қабылданып отыр. Сумен жабдықтау желілері және ондағы қысым жеке учаскелер мен жасыл алаңдарды суаруға арналмаған.
Шектеулер 28.02.2015 жылғы №163 елді мекендерді сумен жабдықтау және...
Қазақ тілінің үлкен моделін – «Kaz LLM» жасау үшін деректер жинау жарияланады
Қазақ тілінің үлкен моделін құру және іске қосу мақсатында «Ұлттықақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) машиналық оқыту саласындағыкөшбасшы – Hugging Face сервисін пайдалануға кіріседі. Платформа базасындаашық деректердің жиналуы ұйымдастырылып, оған Қазақстанның кәсіби IT-қауымдастығы мен ашық деректерді ұстаушылары қосыла алады.Hugging Face дегеніміз не?Hugging Face – бұл машиналық оқыту саласындағы зерттеулермен бөлісугеарналған жетекші платформа, оның базасында пайдаланушылар құралдарды әзірлеп, ЖИ модельдерін жасай...
Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің 100 баласы білім беру лагеріне аттанды
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алаңында өткен салтанатты іс-шара барысында атомхолдингі қызметкерлерінің 100 баласы жазғы демалысқа IQanat High School of Burabayбілім беру лагеріне аттанды. Жазғы лагерьге бару үшін 8-10 сынып оқушылары Қазақстан тарихынан, математикадан, география және ағылшын тілінен және Қазатомөнеркәсіптің қызметіне қатысты тестілеуден өтіп, конкурсқа қатысты. Арнайы ауылдық квотаны енгізудің арқасында компания әлеуметтік жобаның барлық қатысушылары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете...
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Оған республикалық ақпарат құралдары ғана емес, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, журналистиканың мәртебелі мамандық екенін атап өтті.
– Мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде...
Ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес
«Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де...





























