299

Талдықорғанда ауа райының қатты ыстық болуына байланысты бақтар мен гүлзарларды суарудың түнде режимі енгізілді, яғни түнгі сағат 23:00-ден танертеңгі сағат 6:00-ге дейін суарау қажет.

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның мәлімдеуінше, бұл шара ауыз судың тапшылығына жол бермеу үшін қабылданып отыр. Сумен жабдықтау желілері және ондағы қысым жеке учаскелер мен жасыл алаңдарды суаруға арналмаған.

Шектеулер 28.02.2015 жылғы №163 елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесінің 17-тармағына сәйкес енгізіліп отыр.

«Құрметті Талдықорған каласының тұрғындары, «Жетісу Су құбыры» ҚМKK ыстық ауа райының әсерінен және ауыз судың тапшылығына жол бермеу үшін бақтар мен гүлзарларды кешкі сағат 23:00-ден танертеңгі сағат 6:00-ге дейін суару керектігін қатаң түрде хабарлайды, себебі сумен жабдықтау желілері және ондағы қысым жеке учаскелер мен жасыл алаңдарды суаруға арналмаған. Талаптар орындалмаған жағдайда,су құбыры желіден ажыратылады»,-делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз