Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында журналистерге мемлекеттік наградалар табыс етті. Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистикасы мен телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар табыс етті.
Мәселен, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміреев Жұматай Оспанұлы Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен отандық журналистикаға және телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Жетісу» телерадиокомпаниясының арнайы редакторы Белова Надежда Витальевна, «Жетісу» телерадиокомпаниясының режиссері Хусайынов Айдар Олжаболатұлы және «Казахстанская правда» республикалық газетінің Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Дина Боранбаева ие болды. Өңіріміздің журналистерін жоғары наградаларымен құттықтап, кәсіби өрлеу мен шығармашылық табыс тілейміз!
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі