Бүгін Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Ақан Әбдуәлиев тағайындалды. Жаңа орынбасарын облыс активіне өңір басшысы Амандық Баталов таныстырды.

 

Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.  Еңбек жолын өнерден бастаған. Сүйінбай атындағы облыстық филормонияда, Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде солист, Құрманғазы атындағы Қазақ өнер академиясында оқытушы, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясының «Дәстүрлі ән» кафедрасында декан қызметін атқарды. 2008-2015 жылдар аралығында Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында музыкалық жұмыстар бойынша директор, кейін мектеп-интернатының директоры болды. 2015 жылы 16 қаңтарда мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK