Мақсат- бизнеске қолайлы жағдай жасау
Кәсіпкерлер палатасының басты қызметінің бірі – бизнестің құқығы мен оның мүддесін жан-жақты қорғау. Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлік қызмет саласындағы енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар заңнаманың нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Прокуратура, төтенше жағдайлар департаменті, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қызметкерлері бизнес өкілдерінің көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Кездесу офлайн...
«Жайлы мектеп» жобасымен Талдықорғанда 4800 орынға лайықталған 4 білім ошағы салынбақ
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы алдымен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған болатын. «…Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы , мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі...
Департаментпен Нұсқамалар шығарылды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (Департамент) «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің аудит жүргізу нәтижелері туралы хатын қарап, келесіні анықтады.
2019-2021 жылдар аралығында «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бөлім) «Көксу таза су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (Кәсіпорын) «Мемлекеттік сатып алу...
Облыстық пәндер олимпиадасы: Талдықорғанда білімділер сынағы өтуде
Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі 2023 жылғы 13-18 ақпан аралығында өтіп жатыр.
Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілуде.
Білім сынағының облыстық кезеңіне 492 оқушы қатысып, жалпы білім беретін 13...
Жетісу облысының дәрігерлері шалғай аудандарды аралады
Талдықорған қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандық ауруханаларға барып, стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты. Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандық ауруханаларына барған ақ халаттылар жағдайы ауыр пациенттерді емдеу әдісін бақылап, кеңес берді.
Аталған аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Қамбар Стыбаев: - Біздің мақсатымыз - аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан кішкентай сырқаттарға көмек көрсету және әріптестермен өз...
Жыр жампозы Бақтыбай
Қай халықтың болса да тарихы тереңде. Өткен замандағы көшпелі қазақ қоғамының көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиетінде айшықты да айрықша із қалдырған, өлең сөздің асыл маржанын терген, сұлу жырымен танымал болған, өзі өлсе де, аты өшпеген ділмар біртуарлар аз болмаған. ХIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген тума талант, жезтаңдай ақын Бақтыбай Жолбарысұлының...
Ережеп – құрмет айы
Дәстүрлі ислам діні – әлемдік өркениеттің негізі, ұлт руханиятының қайнары. Ол әр адам баласын ізгі имандылыққа, адал адамгершілікке жебейтін бірден бір ілім. Жаратушы жалғыз иеміз бір жылдың он екі айының ішіндегі қасиетке толы айлар мен күндерді және түндерді айқындап көрсеткен. Сондықтан да күллі мұсылман қауымында күндердің сұлтаны – Жұма, айлардың жақсысы – Рамазан, түндердің қайырлысы қасиетті – Қадыр түні...
Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!
Ақпан айының 9 күні Хан тәңірінің мұзбалағы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың, 10-шы ақпан дауылпаз ақын Есенқұл Жақыпбековтың туған күні. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда «Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Қаладағы Тіл сарайының ғимаратында өткен еске алу шарасы алдымен жастар саябағындағы Мақатаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Оған өңірдегі зиялы қауым өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары және тілдерді оқыту...
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын дамыту жолдары
Қазақ тілі – ең бай әрі терең тіл. Біздің мақсат – орыс сыныптарында оқитын оқушылардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлетіп, сөздік қорын дамыту.
Дана халқымыз «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп текке айтпаған. Әсіресе, қазіргідей нарық заманында біррнеше тіл білу артық етпейді. Тіл үйренуде сөздік қорды дамытпай ешқандай жетістікке жете алмайтынымыз анық. Сөздік қорды...
Біз біргеміз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса күшті жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас Түркия халқына қайғыра көңіл айтып, жалпы қазақ елінің ізгі тілегін, ауыр күйзелісін жеткізді. Сонымен қатар, ел Президенті . айтып келмейтін апатқа ұшыраған аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласының...





























