Қала іргесіндегі Ащыбұлақ саяжайында балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді.
Саяжай халқын қуаныштарымен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов арнайы келіп, салтанатты түрде лентасын қиып, ақжарма тілегімен жалғады.
Заман талабына сай салынған ойын алаңы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Барлық талаптарға сай жабдықталған ойын алаңында шағын футбол алаңы да бар.
Естеріңізге салсақ, қала әкімі Ащыбұлақ саяжайының тұрғындарымен кездесуінде тұрғындар ойын алаңын салып беруді сұраған болатын.
Айта кетейік, жыл соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы да осындай 4 балалар ойын алаңы қолданысқа берілмек.