Елімізде жыл сайын әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылар үшін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Биыл 8 мыңнан аса балаға қолдау көрсетілмек.
Талдықорған қаласы бойынша 8 мыңнан астам баланың 6183 мемлекет тарапынан көмек берілсе, соның 2 мыңнан астамы демеушілік қаражатқа көмек алмақ.
Естеріңізге салсақ, қайырымдылық акциясы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін арнайы жәрмеңке де ұйымдастырылып, онда мектеп формасы, кеңсе тауарларын қол жетімді бағада сатып алуға болады.
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
Баршаларыңызды қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз! Ұлтымыздың жарқын болашағы келешек ұрпақтың қолында екендігін ұмытпайық.
Айта кеткен жөн, акцияға қатысуға Талдықорған қаласы бойынша мына мекен-жайға жүгінуге болады.
Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, 157 немесе телефон нөміріне хабарласуға болады
8 777 247 52 67.