-1.4 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 18 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 440

Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен  жуырда №12 орта мектеп-гимназияның  базасында «Жаңа мектепке–жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді. «Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық  белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аталған шара ұйымдастырылды. Бұл  қалалық сынға шаһар мектептерінен   21 жас маман қатысты.  Бірінші кезеңде қатысушылар «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз»...

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2023 жылғы 15 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті превенция басқармасының офицері Мақпал Бекқұлова Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеудің негізгі қағидаттары мен әдістерін түсіндіру болды. Сондай-ақ, 2023 жылғы 03...

Жетісулық шебер ауылда да бренд жасап отыр

Бала кездегі сурет салуға деген қызығушылық оны үлкен кәсіпкерлікке жетеледі. Алакөл ауданының тумасы Ертай Өміртаев бала жастайынан сурет салуды, сондай-ақ, қолөнерлікті ұнататын. Оған бұл қабілет атасы мен арғы атасынан дарыған, олар қарапайым ағашты нағыз өнер туындысына айналдырған жандар болған. Кейіпкер сол себептен шеберханасының атын «Бабалар жолы» деп атапты. Университетті бітірген соң Ертай сүйікті хоббиін өмірлік кәсібіне айналдыруды ұйғарады. Туған өлкесіне...

Ауғанның отты жалыны

Биыл Кеңес әскерінің  Ауғанстан жерінде өткен сұрапыл соғыс майданынан шығарыла бастағанына – 34 жыл. Осыған орай Талдықорғанда «Ауғанның отты жалыны» атты арнайы кездесу өтті. Оған Жетісу облысы әуе-десанттық әскери қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Ерғожанов, Қайрат Далабаев, Жасталап Ескендіров, Геннадий Тарханов, Сергей Федоляк, Ержан Бақтыбаев сынды соғыс ардагерлері мен  жас сарбаздар және меткеп оқушылары қатысты. Шара ҚР қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі...

Электрмен жабдықтау жүйесіндегі өзгерістер

Тимур Эуесханұлы біздің елімізде бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Реформалар электрмен жабдықтау жүйесіне де әсер етті. Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қандай өзгерістер енгізілді? -Иә, электр энергетикасына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 25.02.2015 жылғы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларында электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды, құрылыс-монтаждау...

Жетісу облысында барлық деңгейдегі депутаттыққа 600-ге жуық кандидат ұсынылды

Жетісу облысында 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда. Саяси науқанға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов айтып берді. "Негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес үміткерлерді ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталды. Барлығы 597 кандидат ұсынылды. Оның ішінде: Мәжіліске – 18, Облыстық Мәслихатқа партиялық тізімдер...

Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістері

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілі болғандықтан жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен күнге өте өзекті болып барады. Өйткені дәл бүгінгідей боймен емес, оймен жарысатын заманда ғылымды, жаңа ақпараттық технологияны меңгермей жан-жақты дамыған мемлекеттер қатарынан ойып орын алу еш мүмкін емес. Ағылшын тілін оқушыларға үйрету үшін ең бірінші оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Оқушыда қызығушылық пен ниет...

Қарт әжейді өрттен құтқарған әскери қызметші марапатталды

Талдықорғанда отқа оранған үйден қарияны құтқарып қалған аймақтағы десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 18404 әскери бөлімінің сержанты Ерік Қасымбеков марапатталды. Ол төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін кеудесіне тақты. Нақтырақ айтсақ, үстіміздегі  жылдың 18 қаңтарында Талдықорған қаласы Красин көшесінің бойына орналасқан бес қабатты үйде электр сымдарының тұйықталуынан өрт шыққан. Кіреберістегі айқайды естіген Ерік Қасымбеков өз пәтерінен жүгіріп шығып көршілерінен қарт...

«Педагогикалық тандем» : Тәлімгер мен жас маман шеберлігі

Талдықорған қаласында  «Педагогикалық тандем»  әдістемелік жәрмеңкесі   ұйымдастырылды. «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға әр мектептен тәлімгер мен жас мамандар қатысып өз шеберліктерін көрсетті. Педагогтер шығармашылық визитка оқу процестерінің қыр-сырымен таныстырды. Сабақ барысы мен оқу үрдісі, сабақ үзінділері сахнада көрсетілді.  Бұл шараның басты мақсаты- мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен...

Күніне 25 мың бөдене жұмыртқасы

Ескелді ауданындағы «Сәлем-құс» шаруашылығында осындай мол өніммен бірге, күніне 30 келі ет өндіріледі. «Сәлем-құс» бөдене шаруашылығы – Жетісу облысындағы ірі бизнес жобалардың бірі. Бүгінде мұнда 100 мың бөдене бар. Олар күніне 25 мың жұмыртқа береді. Құс фабрикасының меңгерушісі Бағдат Серікқожаев екі жыл бұрын осындай нәтижені армандаған екен. Кәсіпкер 2018 жылы Ескелді ауданының әкімдігімен меморандумға қол қойды. Кейіннен инвестициялар тартылып, "Сәтті құрылыс"...