«Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында бірқатар шаралар өтеді. Жоба шеңберінде жастар арасында қызығушылық деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу және белсенділік мақсатында кемінде 20 іс-шара, студенттер мен оқушылардың қоғамдық-саяси өзгерістерге және елдің жарқын болашағына оң көзқарасын қалыптастыру бойынша 50 іс-шара, өзін-өзі басқару көшбасшыларының 2 слеті және 200 адамның қатысуымен жазғы, қысқы лагерь өткізілетін болады.
Жобаның басты мақсаты — жастардың дамуына жан-жақты көмек көрсету, қажетті дағдыларды үйрету, оларды мәдени, ұлттық, рухани-адамгершілік құндылықтарға бағдарлау. Осылайша Жетісу облысының барлық жоғары, арнаулы, орта оқу орындарында студенттік және мектептік өзін-өзі басқарудың тиімді моделін құру және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету дағдылары қалыптасады. «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Дәулет Ауданбаев: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талаптарына бағытталған болашақ мамандарды даярлауға байланысты студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытудың жаңа идеяларын дамытуға бағытталған. Бұл жеке қасиеттердің белгілі бір жиынтығы: құзыреттілік, бастамашылық, коммуникативті дағдылар, төзімділік, шығармашылық қабілет және ізгі ниет. Студенттік өзін-өзі басқару – бұл өз тағдырына бей-жай қарамайтын студенттердің бастамашыл, тәуелсіз, жауапты бірлескен қызметі. Бұл студент жастардың өмірінің маңызды мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған білімгерлердің белсенді, тәуелсіз, жауапкершілікті әлеуметтік қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылады»-деп атап өтті.