Жетісу облысында 500-ге жуық пиротехникалық бұйымдар тәркіленді
Осы жылдың аяқталуына да санаулы күндер қалды. Жаңа жыл есігімізді қаққанда аспан аясы түр-түсті от шашуға толары мәлім. Жұрт жаппай отшашуларды алып, мерекенің мәйегі іспеттес қылған бұл құралдың адам өміріне зиян тұстары да аз емес. Сол себепті Жетісу облысында 25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында өңір аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдармен, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз стихиялық сауда фактілерінің...
«Алакөл» және «Нұр жолы» кеден бекеттеріндегі пилоттық жоба сынақтан сәтті өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан «CarGoRuqsat» және «CarGoAlem» ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне еркін экономикалық аймақта болуды алдын ала жоспарлауға, кіру және шығу күндерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Соның арқасында олардың бақылау-өткізу пункттерінде өткізу уақыты айтарлықтай қысқарды. Жүйеде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен 15-ке жуық интеграция бар, бұл кезекпен жасанды манипуляцияларды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріністерін болдырмауға мүмкіндік береді....
Жетісуда архившілерге құрмет көрсетілді
Салтанат сарайында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Архившілер күні» аталып өтті. Архив саласында кәсіби мерекенің белгіленуі архивист мамандарының мерейін өсіре түсуде. Салтанатты шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаев қатысып, мерейлі күнге орай жиналғандарды құттықтады.
Осы жиында «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен Б. Нүсупова, Қ Стамғазинова марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Жетісу облысы әкімінің...
Талдықорғанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығы ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық –зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдірген еді. «Кейінгі екі жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтың салдарынан 300 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі де жетерлік. Осындай құқық бұзушылықтар бойынша 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жағдайды түзеу үшін алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет. Бұл жерде учаскелік инспекторлар шешуші рөл атқарады. Уақтылы шаралар...
Энергетиктер марапатталды
Жетісу өлкесін жарықпен , жылумен қамтып отырған біршама кәсіпорындар жұмыскерлерін облыс әкімінің орынбасары Қанағатов Әсет Серікұлы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында салтанны түрде құттықтап, еңбегімен ерекшеленіп, облысымыздың өркендеуіне үлес қосқан жұмыскерлерді марапаттады. Марапатталушылар легінде «ТАЭТК» АҚ, «Жетысу Энерготрейд» ЖШС, Текелі энерго кешені, Талдықорғанжылусервис кәсіпорны, Сарқан, Алакөл, Қарабұлақ, Панфилов, Көксу, Аксу аудандары жылу-су сервис кәсіпорын қызметкерлері бар. Әсет Серікұлы құттықтау сөзінде...
Олимпиадалық спорт түрі қарқынды дамуда
Қазіргі уақытта аймағымызда 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Талдықорған қаласындағы орталық стадионның қайта жаңғырту жұмысының құрылыс-монтаждау жұмыстары, қаламызда волейбол спорт түріне арналған оқу-жаттығу спорттық кешені мен Қаратал ауданы Кальпе және Көпбірлік ауылдарында блокты-модульды спорттық кешендердің, сондай-ақ, жеке инвесторлар есебінен спортшыларға арналған 40 орынды жатақхана мен үстел теннисі орталығының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес Текелі қаласында шаңғы-биатлон кешені...
Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті
2023 жылдың 9 айында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 348,5 млрд. теңгеге 12 735 лот қамтылды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2131 хабарлама жіберілді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Сонымен қатар, уәкілетті орган лауазымды адамдардың бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін қарады және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің...
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсанда басталатынын мәлімдеді.
«Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады», – делінген хабарламада.
Медициналық ұйымдар жаңа көлікпен толықты
Талдықорған қаласының орталық алаңында Жетісу облысының медициналық ұйымдарына жаңа жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыстау рәсімі өтті. Арнайы автокөліктердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолынан он үш аудандық және облыстық аурухана мен кардиологиялық орталық,көпсалалы балалар ауруханасы,психикалық денсаулық орталығы барлығы 29 медицина өкілдері алды. Бюджеттен бұл үшін 750 млн.теңге шамасында қаржы бөлінген болатын. Санитарлық автокөліктер оттегі баллондарымен,оттегі қысымын реттегіш құралдармен,инфуззиялық жүйеге...
Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен мәні
Үкіметтік емес ұйымдар елімізде қарқынды даму үстінде. Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимылды үйлестіру жөніндегі кеңес құрылған. Жуырда Кеңес мүшелері,Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кеңес отырысын өткізді. Онда бірқатар үкіметтік емес ұйымдар 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарған жұмыстарының барысы туралы есеп берді. «YERKIN» Өнер Академиясы», «Жас ұрпақ» жастар...





























