Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы клиникада Жетісу өңірінде алғаш рет өткен «Онкоурология — 2024: теориядан тәжірибеге» атты ғылыми-тәжірибелік конференция аясында онкологиялық ауруы бар науқасқа жоғары технологиялық ота жасалды.
Мастер-класс барысында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкоурология орталығының жетекшісі Хусан Умурзаковтың басшылығымен бүйректегі ісікті лапароскопиялық резекциялау бойынша ота сәтті өтті. Бұл аз инвазивті әдіс арқылы органның тек зақымдалған бөлігін кішкентай тілік арқылы алып, сау тіндер сақталады. Бұл әдіс науқастың тез қалпына келуіне, ауырсыну синдромының азаюына және косметикалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
«Ота 3 см болатын сол бүйректегі ісікке жасалды. Алдын ала жүргізілген КТ зерттеуі ісіктің қатерсіз екенін көрсетті, бұл өз кезегінде органды сақтайтын операция жасауға мүмкіндік берді. Ота Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілді, бұл халыққа жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті дәрігер.
Лапароскопиялық хирургияның басты артықшылықтарының бірі – науқастың тез қалпына келуі. Отадан кейінгі келесі күні науқас өздігінен тұрып, жүре алады, ал денесінде үлкен тіліктердің болмауы оның қалыпты өмірге тез оралуына ықпал етеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы