Жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз тасымалдаудың жолын кесу туралы

6

«Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады. Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

ҰҚК баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз