Жасөспірімдер арасында өмірін өз қолымен қиятындар қатары азаймай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, Жер шарында әр 40 секунд сайын 1 адам өмірімен саналы түрде қоштасады екен. Олардың қатарында 15-29 жас аралығында өзіне-өзі қол салатындар екінші орында тұр. Бұрын-соңды құлақ естіп,көз көре бермейтін сұмдық оқиғалардың өз елімізде де тіркеліп жатқанын БАҚ арқылы баршаңыз хабардар болып жүрсіздер.Желкілдеп өскен шыбықтай, енді ғана жетіліп келе жатқан ұл-қыздардың өмірімен оңай қоштасуына не себепдейтін болсақ,түрлі жағдайлар түрткі болатынына көз жеткізесіз.
Психиаторлар мен психолог мамандар басты себептердің бірі ретінде баланың-бозбала ,бойжеткен атанатын өтпелі кезеңінде физиологиялық,тұлғалық өзгерістерге ұшырауын атайды. Яғни, мінез- құлқы өзгеріп, ашушаң,менменшіл,күйзеліске тез берілгіш,еліктегіш,әуестенгіш дағдылары белең ала бастайды.
Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихаты «Балалардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту шаралары» тақырыбына арналды. Бұл жайында облыстық психикалық денсаулық орталығының психологыМеруерт Тұрдашованың айтуынша,қазақстандық жастардың арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың ең көп тараған себептері ретінде:психикалық күйзеліс, депрессия,психобелсенді заттарды қолдану,қаржылық проблемалар,жалғыздық, қажетсіздік сезімі,жақын адамдарының қазасы,ата-анамен екі арадағы жанжалдар болып табылатынын айтты.
-Сонымен қатар,жасөспірімтыйым салынған заттарды-алкоголь, есірткі, темекі пайдаланып көруге әуес болуы мүмкін. Ашық жарқын, бәрімен араласып жүрген балалар бірден тұйықталып қалуы да кездеседі. Балалардың арасында буллинг болып, бұл оларды күйзеліске, өлім туралы ойлауына себеп болады. 100 адамнан 10% ғана өзіне- өзі қол жұмсауды қалауы мүмкін, қалғандары туыстарының достарының, жақындарының назарын аударуға тырысады. Бірақ, өкініштісі мұндай жағдайларда кездейсоқ өлімге алып келу мүмкін. Статистика бойынша Жетісу облысы бойынша аяқталған суицидтің 7 фактісі, 6 әрекет фактісі тіркеліп отыр.
Жасөспірімдер арасындағы екінші өзекті мәселе- ерте жүктіліктің алдын алу. Ерте жүкті болып қалған қыздар өкінішке орай қоғам сынына ұшырайды, денсаулығына қауіп төнеді. Сондықтан ерте жүктіліктің алдын алу өте маңызды. Бұл тарапта балаларға жыныстық тәрбие беру, алдын алу жұмыстарын жүргізу маңызды. Жүкті жасөспірім қыздарға қолдау көрсетуге назар аударған жөн. Оларды жүктілікке, ана рөліне дайындау, жауапкершілікті алуға, ата анасымен, басқа адамдармен дұрыс қарым қатынас құруына ықпал ету керек.
Балалар өте әсерлі, психологиялық тұрғыдан әлсіз болып келеді. Сонымен қатар өздерін өзгелермен салыстырып, басқалардан төмен сезініп жүреді. Баланың бойынан өзіне тән емес өзгерістерді байқаған бойда оның не сезінетінін, не ойлайтынын білген дұрыс, оны ашық айтуға үйрету керек. Әрбір бала қолдауды, жанашырлықты күтеді. Балаларға өз болмысын қабылдауды, шешім қабылдауды үйреткен абзал. Бұл бағыттағы жетекші рөл, әрине, ата-аналарға тиесілі. Бірақ оларға білім беру және медицина мекемелерінің әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметтерінің мамандары да көптеген жұмыстар атқаруы тиіс.
Облыстық психикалық денсаулық орталығында, басқада медицина мекемелерінде психолог мамандар жасөспірімдерге көмек көрсетеді. Балаларға топтық және жеке жұмыс түрлерінжүргізеді. Бұл жұмыстар балаларға психологиялық қолдау көрсету, өз эмоция сезімдерді қабылдау, шешім қабылдауға бағдар беруге, менталды және репродуктивті денсаулықты қорғауға бағытталған,-дейді Меруерт Тұрдашова.
Гүлжанат Нұршанова