Жетісу облысында коммуналдық қызметтерге тарифтер қалай өзгерді?
Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтердің бағасы өзгерді. Мәселен, «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның кәсіпорын бойынша орташа тарифі 12 891,88 теңге/Гкал ҚҚС есебіне жетті. «ТАТЭК» АҚ-ның кәсіпорын бойынша орташа тарифі 11,96 теңге/кВтсағ ҚҚС есебін көрсетті. «Жетісу су құбыры» МКК-ның сумен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1м3 үшін 169,05 теңге, бұрын қолданыста болған тарифтен 4,37 теңгеге...
«Наурызнама» аясында 10 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылады
Елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталды. Ол 14-23 наурыз аралығында өтеді. Онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады. «Наурызнама» халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық салалны қамтиды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мейрам аясында қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін ұйымдастырылмақ.
«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында Қазақстанда Наурыз...
«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II-ші халықаралық ғылыми форумы өтуде
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Наурыз мейрамына арналған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II-ші халықаралық ғылыми форумы өтіп жатыр. Бұл туралы өзге ақпараткөздері хабарлады.
Форум жұмысына Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның да ғалымдары мен музей мамандары қатысуда. Олар түркі халықтарының тарихы, мәдени және тілдік бірегейлігіне қатысты мәселелерді талқылап, ғылыми және мәдени әріптестікті дамытудың барлық салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар музей...
Кездесу мақсаты- нашақорлық пен есірткінің жастар арасында таралуына жол бермеу
Жетісу облысы полиция департаменті қызметкерлері Жетісу университетінің студенттерімен кездесті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты - нашақорлық пен есірткінің жастар арасында таралуына жол бермеу және оның алдын алу.
Профилактикалық жиынға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сарқытбай Құсаинов, Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев, Жетісу облысы полиция департаментінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы, ішкі істер органдарының ардагері...
111 қызметі отбасы және әйелдер мен балалар мүдделерін қорғайды
«Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаларға қатысты болған.
Азаматтардың ең көп сауалдары заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты.
111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді: мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен...
Ақсақалдар атқарған игі істер
Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының 4-ші пленумы өтті.Оған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт арнайы шақырылды. Пленум қатысушылары алдында сөз алған Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков ұйымның 2023-ші жылы атқарған жұмыстарының есебін баяндап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауынан туындайтын ардагерлер ұйымының міндеттері туралы айтты.
Шаһарымызда бүгінде 26 мыңнан...
Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?
Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысқа шығады. Оқу-ағарту министрлігің ақпаратынша, көктемгі каникул 11 күнді құрайды. Ол наурыздың 21-нен 31-не дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы Қазақстанда 3 күн – 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мерекелер бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 5 күн қатарынан – 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда...
Қала әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Амал мерекесімен құттықтады
Баталы ел арымас, батасыз ел жарымас демекші, қала басшысы Ернат Дүйсенбекұлы қаламызда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы барып Амал мерекесімен құттықтады.
Ең алдымен қала басшысы ғасыр жасаған Хусаинов Ысқақ атамыздың шаңырағында болып, көрісу күнімен құттықтап, шапан жауып, сый-сияпатын тарту етті. Бұдан кейін, Қаңтарбай Сәрсенбай атамызбен Чектыбаев Төлеубай ақсақалдың шаңырағында да болып сый-құрметін көрсетті.
Ғасыр куәгерлері елдің, жердің амандығын тілеп, батасын...
Талдықорғанда «Амал мерекесі» ардагерлерді құттықтаумен басталды
Талдықорғандағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтілді.
Ең алдымен қарттардың құшақ ашып, төс түйістіріп, бір-бірімен көрісуі мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Аталған шаңыраққа арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев орталыққа келуші ардагерлерді Амал мерекесімен құттықтады
– Ардақты ақсақалдар, аяулы апа-әжелер! Қашанда қоғамның тегершігі саналған, тәрбие мен тәлімнің, өнегелі өмірдің қайнары саналған қазыналы қарты бар үйдің...
АЛЛЕРГИЯСЫ БАР АДАМДАР ОРАЗАНЫ ҚАЛАЙ ҰСТАЙДЫ?
Жалпы аллерголог мамандар аллергияның көптеген түрлері барын айтады. Емделу тәсілдерінің кейбірі оразаны бұзатын табиғи саналатын ауыз, мұрын, тік ішек сынды жолдар. Бұл жолдар арқылы ішке жеткен нәрселер оразаны бұзады.
Сондықтан аллергиясы бар адамдар мыналарды ескергені жөн:
Ораза ұстайтын уақыттан бұрын, алдын ала оразаға дайындалып, ем шараларын жасап, аллергиясының әсіресе Рамазан айында болдырмау жолдарын қарастырғаны абзал. Аллерголог мамандар кісі аллергиядан толық жазылып кете...





























