Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өткен болатын. Осы орайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырды. Атап айтар болсақ, саланың дамуын үйлестіретін ЖИ комитеті құрылды, 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді, ЖИ туралы заң жобасы әзірленді. Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде KazLLM жеке тілдік моделі әзірленуде. Ол отандық компаниялар әзірлейтін бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болып табылады. Мамандардың айтуынша бұл шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, әсіресе ұлттық мүдделерді, дербес деректерді қорғау және еліміздің идеологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды болмақ.
Мұстафа Хұсайын,
«QAZAQSTAN CHERNOBYL ARDAGERLERI» қауымдастығының Орталық кеңес төрағасы