Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды.
Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу, бастамалардың барлығы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашуға бағытталуы маңызды екенін атап көрсетті. Бұл ретте тапсырмаға сәйкес күні кеше ғана қаламызда толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын ашылды. Басшылықтың мәлімдеуінше озық заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін батареялар мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, темір жолдарда, энергетикада кеңінен қолданылады. Сол сияқты жасыл энергетикада, электр энергиясын сақтауда үздіксіз қуат көзі ретінде пайдаланылмақ. Аталмыш жобаның іске асуы аймағымыз үшін аса маңызды оқиға болғаны анық. Алдағы уақытта өндірістік саясатты іске асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізіледі деп білеміз.
Гүлжанат Нұршанова, «Талдықорған» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы